Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)

Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)

1. CDIF дегеніміз не?

CDIF (Chevron Direct Investment Fund in Kazakhstan) – бұл өнеркәсіптің түрлі салаларындағы табысты жергілікті кәсіпорындарға инвестициялау жолымен Қазақстан экономикасын қолдауға бағытталған Chevron компаниясының инвестициялық құралы.

2. Кім өтінім бере алады?

CDIF-тен үлестік қаржыландыру алуға ниет білдірген кез келген өтініш беруші жобаның құқығы болған және CDIF веб-сайтында көрсетілген іріктеу критерийлеріне сәйкес келген жағдайда өтініш бере алады.

3. Мен әртүрлі жобалар бойынша бірнеше өтінім бере аламын ба?

CDIF бір компаниядан келген бірнеше инвестициялық өтінімдерді қабылдай алады. Дегенмен, жоба бағдарламасының әрбір ұсынысы үшін бірегей электрондық пошта мекенжайын пайдалану керек.

4. Өтінім берудің соңғы мерзімі белгіленген бе?

Өтінім беру мерзімі жоқ, бірақ өтінімдер өтінім басталған күннен бастап 60 күн ішінде толтырылуы керек.

5. Қай тілде өтінім беру керек?

CDIF веб-порталы өтінім берушінің таңдауы бойынша үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын тілдерін) ұсынады. CDIF инвестицияны бағалау және шешім қабылдау процесі үшін қажет болған жағдайда өтінімде көрсетілген белгілі бір ақпаратты немесе ілеспе құжаттамаларды аударуды сұрай алады.

6. Мен CDIF веб-порталы арқылы CDIF-ке жұмысқа орналасуға өтініш бере аламын ба?

CDIF жұмысқа қабылдау туралы өтініштерді қабылдамайды.

7. Мен өзімнің жобамды ұсыну және келесі қадамдарды талқылау үшін CDIF командасымен кездесе аламын ба?

CDIF барлық өтінімдерді CDIF веб-порталы арқылы қабылдайды. Қажет болған жағдайда инвестициялық команда жобаны бағалаудың кейінгі сатысында компаниямен кездесуді тағайындай алады.

8. CDIF-тың байланыс ақпаратын қайдан табуға болады?

Егер сізде техникалық мәселелер туындаса немесе сұрақтарыңыз болса, сіз веб-сайтымыздағы "Байланыстар" бөліміндегі сұрау жіберу функциясын қолдана отырып, бізбен байланыса аласыз. Егер сізде жобаға немесе инвестицияға қатысты сұрақтар туындаса, осы парақшада көрсетілген жиі қойылатын сұрақтар тізімін қарап шығыңыз. Өтінімнің барлық сұрақтарына жауап беруге кеңес береміз. Сіз берген жауаптар сіздің жобаңызды бағалау үшін қолданылады. Егер инвестициялық командада қосымша сұрақтар туындаса, олар сізбен жобадағы берілген байланыс ақпарат арқылы тікелейхабарласады.

9. Жобаның инвестициялық критерийлері қандай?

  1. Жоспарланған CDIF инвестиция көлемі 2 млн доллардан астам болуы тиіс*.* CDIF мәміле көлемі көбірек не азырақ жобаларды қарастыруы мүмкін, бұл ретте жобалар басқа таңдау критерийлеріне және "Шеврон" компанияының бағалауына сәйкес болуға тиіс.
  2. CDIF бақылау пакетін қарастырмайды. Акционерлік капиталдағы жоспарланған ең жоғары үлесі 49%-ды құрайды.
  3. CDIF тек Қазақстанда тіркелген, қызметі негізінен Қазақстанда орналасқан компанияларға ғана инвестиция сала алады.
  4. Жоба немесе компания табысты болуы тиіс немесе табыс алуға қол жеткізудің айқын жоспары болуы және көрсетуі тиіс.
  5. Жоба немесе компания қоршаған ортаны қорғау саласында, әлеуметтік салада және корпоративті басқару қағидалары бойынша қажетті көрсеткіштерді көрсете алуы тиіс.

10. CDIF қаражат көзі қандай?

CDIF-ті қаржыландыруды тек Chevron компаниясы қамтамасыз етеді.

11. СDIF мерзімі қандай?

CDIF белгіленген мерзіміне сәйкес, инвестициядан шығу CDIF іске қосылғаннан кейін 10 жыл ішінде, немесе 2031 жылдың 1 қаңтарына дейін жоспарланған. Дегенмен, мұндай мүмкіндік пайда болған жағдайда, CDIF инвестициядан ерте шығуды қарастыруы мүмкін.

12. Сіз жаңа («гринфилд») жобаларға инвестиция саласыз ба?

Иә, CDIF жаңа жобаларға инвестиция сала алады, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған компанияларға инвестиция сала алады.

13. Инвестициялық процесс қандай кезеңдерден тұрады?

Инвестициялық процесс өтініш беруші берген өтінімдерді бағалаудан басталады. Барлық өтінімдер веб-порталда көрсетілген инвестициялық критерийлерге сәйкес келуі тиіс.

  1. Алдымен инвестициялық команда әр жобаға алғашқы бағасын береді және қажет болған жағдайда мәліметтерді нақтылау үшін өтінім берушімен байланысады. Егер өтінім бастапқы іріктеуден өтсе, ол Бақылаушы кеңестің қарауына беріледі.
  2. Инвестициялық команда Бақылаушы кеңес мақұлдаған жобаларға тереңдетілген инвестиция салу алдындағы талдау (due diligence) жүргізеді, соның ішінде қаржылық/салықтық, заңдық және комплаенс сараптамаларын жүргізеді. Бұл кезеңде сыртқы қызмет жеткізушілері тартылуы мүмкін.
  3. Егер инвестициялық команда тереңдетілген инвестиция салу алдындағы талдау нәтижелері бойынша жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылдаса, өтінім берушімен мәміленің егжей-тегжейін көрсете отырып, негізгі шарттар қарастырылған келісімшартқа (“term sheet”) келісіледі.
  4. Жоба CDIF Инвестициялық комитетіне бекітуге ұсынылатын болады. Инвестициялық комитет мақұлдауын алғаннан кейін түпкілікті келісімге қол қойылады және қаражат бөлінеді. Төмендегі схема инвестициялық процестің қысқаша сипаттамасын қамтиды.
Өтінім берердің алдында вебсайтта көрсетілген критерийлер бойынша жобаның жарамды екеніне көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Инвестициялық процесс қандай кезеңдерден тұрады?

14. Тереңдетілген инвестиция салу алдындағы талдау процесі қанша уақытқа созылады?

Инвестициялық команда Бақылаушы Кеңес өткізілген күннен бастап алты ай ішінде мәмілелер жасасуға ұмтылады. Алайда, мерзiмдер жобаның күрделiлiгiне байланысты әртүрлi болуы мүмкiн.

15. Қор үшін қандай инвестициялық құралдар қолайлы?

CDIF жарғылық капиталға қаржы салу мен өзге де үлестік қаржыландыруды қарастырады.

16. CDIF борыштық бағалы қағаздарға инвестиция сала ала ма немесе қарызды қаржыландыруды ұсына ала ма?

Жоқ.

17. Бақылаушы Кеңестің рөлі және құрылымы қандай?

Бақылаушы Кеңес Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ететін Chevron компаниясының және Энергетика министрлігінің (Қазахстан Республикасының атынан) өкілдерінен тұрады. Бақылаушы кеңес жобалардың белгіленген критерийлерге сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.

18. Инвестициялық Комитеттің рөлі және оның құрылымы қандай?

CDIF Инвестициялар жөніндегі комитетінің негізгі рөлі барлық түпкілікті инвестициялық және шығу шешімдерін қабылдау болып табылады.

19. CDIF инвестиция салу үшін қандай салаларды қарастырады?

CDIF экономиканың барлық салаларына инвестиция салуды қарастыруда. Қор инвестицияларға арналған нысаналы секторларға жататын өндірістерді, мұнай-газ саласындағы қызметтерді немесе отандық жеткізу тізбегін толықтыратын салаларды; қоршаған ортаны қорғайтын; ақпараттық технологияларды және тағыда басқа көптеген салаларды қамтиды.

20. Менің жобамды CDIF қарастыратындығын білу қанша уақытты алады?

CDIF жобадан бас тарту немесе оны одан әрі қарау туралы жауапты 3-4 ай ішінде ұсынуды мақсат етеді.

Естеріңізге сала кетейік, егер жоба Бақылаушы кеңестің мақұлдауын алса, бұл инвестиция алуыңызға кепілдік бермейді, өйткені жоба одан ары тереңдетілген инвестиция салу алдындағы талдау мен Инвестициялық Комитеттің мақұлдауынан өтуі керек.

21. Менің жобам CDIF инвестицияларына дайын ба?

CDIF жоспарлау мен дамудың белгілі бір сатысында тұрған жобаларды қарастырады. Өтінім берішілер келесі ақпаратпен бөлісуі тиіс (бар болған жағдайда):

  • CDIF-тен басқа, басқа акционерлермен үлестік қаржыландырудың болатыны жайлы өзара түсіністік туралы меморандум, ниет білдіретін хат немесе басқа ықтимал акционерлермен негізгі шарттар туралы келісім.
  • Қарыздық қаржыландыруды растайтын мәлімет.
  • ауарлар немесе қызметтерін ықтимал сатып алу туралы мүмкіндігі, өзара түсіністік туралы меморандумдары, әлеуетті сатып алушылардың ниетін білдіретін хаттары болуы тиіс.
  • Шикізат пен басқа ресурстардың бар екендігін дәлелдейтін ақпарат.
  • Мемлекеттік органдардың келісімдерін, лицензияларын немесе рұқсат қағаздарын алу туралы куәліктер.
  • Жоба бойынша техникалық зерттеу немесе техникалық-экономикалық негіздеме.

22. Мен барлық сұрақтарға жауап беруім керек пе?

Мүмкіндігінше көп ақпарат беріңіз. Бұл инвестициялық командаға талдау/бағалау процесінде көмектеседі және оны тездетеді. Өтініш берушіге нақтылау сұрақтарымен жүгіну процесті едәуір баяулатуы мүмкін.

23. Сауалнама

Сіздің жобаңызға қатысты барлық сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймыз. Егер қандай да бір сұрақ сіздің жобаңызға қатысты болмаса, оның сізге не үшін қатысы жоқ екенін қысқаша (бірақ нақты) сипаттаңыз. Сауалнаманың нұсқасын веб-порталда да жүктеуге болады.

CDIF жобаны бағалау үшін қажетті құжаттар:

  • презентация
  • қаржы моделі
  • тарихи қаржылық есептер
  • индустриялық зерттеулер немесе ізденістер
  • Сіздің ойыңызша, инвестициялық командаға жобаны бағалауға және дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін кез келген басқа материалдар жиынтығы

Берілген excel кестелерін толтырыңыз:

  • Ай сайынғы немесе тоқсан сайынғы қаржылық есеп (компанияңыздың қызмет түріне қарай)
  • Тарихи және болжамды жылдық қаржылық есептер
  • Ішкі кіріс нормасының есебі (IRR) және оның есебінің түсініктемесі
  • Жұмыс орындарын құру туралы ақпарат
  • Болжамды салық төлемдері туралы ақпарат