Chevron Direct Investment Fund Жеке Компаниясы (CDIF)

Chevron Direct Investment Fund Жеке Компаниясы (CDIF)

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен “Шеврон” компаниясы 2021 жылғы 11 қазанда Тікелей инвестициялар қорын құру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс аясында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Қор “Шеврон” компаниясы Қазақстандағы әртүрлі салалардағы, соның ішінде, бірақ онымен шектелмей мұнай және газ саласындағы тауар өндіру және қызмет көрсету, қоршаған ортаны қорғау, ақпараттық және цифрлық технологиялар салаларындағы жергілікті кәсіпорындарға инвестиция салу арқылы Қазақстан экономикасын дамытуды қолдауды жоспарлауға көмектесетін құрал.

Қор Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана» халықаралық қаржылық орталығында (АХҚО) тіркелген портфельдік инвестициялардың холдинг компаниясы арқылы әрекет етеді. Компанияның атауы “ЖК Chevron Direct Investment Fund”, ол ұжымдық инвестиция салу Қоры болып саналмайды және оның АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетінің (Astana Financial Services Authority, AFSA) кез келген қаржылық қызметті жүргізуге тиісті лицензиясы жоқ.

АХҚО өзінің тәуелсіз нормативтік базасына және құқықтық жүйесіне, жеңілдетілген салық режиміне, төрелік процедураларына, халықаралық сарапшыларына және Қазақстан экономикасын дамыту бойынша ортақ мақсатына ие бола отырып, «Шеврон» компаниясының қазақстандық кәсіпорындарға инвестиция салатын тиімді қаржылық платформа болып табылады.

image

Таңдау және құқықтылық критерийлері

Chevron Direct Investment Fund өтінімді қарастыру мерзімі: толық мерзім өтінім беруден бастап, қаражатты бергенге дейінгі процеске 1-6 ай болуы мүмкін.

Жобаға құқықтылық критерийлері

  • Қатысу түрі: акциялық капитал
  • Мүлік: ЖК Chevron Direct Investment Fund қатысу үлесі 49%-дан аспауы тиіс.
  • Мәміленің болуы тиіс көлемі: 2–30 миллион АҚШ доллары*
    * CDIF мәміле көлемі көбірек не азырақ жобаларды қарастыруы мүмкін, бұл ретте жобалар басқа таңдау критерийлеріне және "Шеврон" компанияының бағалауына сәйкес болуға тиіс.
  • Инвестиция салынатын салалар: Инвестиция салатын салаларға қоршаған ортаны қорғау, ақпараттық технологиялар және жергілікті тауарды, жұмысты, қызметті жеткізушілерді дамыту мүмкіндігі бар мұнай-газ саласына қызмет көрсету және жұмыстарды орындау кіреді, бірақ олармен шектелмейді.
  • Орналасқан жері: Барлық жобалар ҚР аумағында іске асырылуы тиіс немесе табиғи болмысы қазақстандық екеніне дәлелі бар болуы керек.
  • Уақыт шектеулері: Қордың белгіленген мерзімге сәйкес инвестициялардан тоқтату оны бастағаннан кейін 10 жыл ішінде жоспарланады. Алайда, мүмкіндік болса, оны ерте аяқтау жолдарын да қарастыруымыз мүмкін.

Жобаңыздың жоғарыда көрсетілген құқықтылық критерийлеріне сәйкестігін қамтамасыз етуіңізді сұраймын.

Жобаларды іріктеу критерийі

  • Жоғары табыстылық
  • Қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік сала және корпорацияны басқару саласындағы қажетті көрсеткіштерге сәйкестік
  • Қаржылық және қаржылық емес қатерлер
  • Құндылық құру
  • Портфельді диверсификациялау

Өтінім беруге арналған талаптар

Қажетті жобалық құжаттама тізімі:

  • Ықтимал инвестициялық жоба: Ықтимал инвестициялық жобаның толық сипаттамасы, бизнес жоспарын қоса бергені абзал.
  • Болжалды ішкі кіріс нормасы (IRR): болжалды ішкі кіріс нормасын және оған қоса тарихи қаржылық көрсеткіштер мен келесі бес жылға болжамды қоса қаржылық модельді көрсетіңіз.
  • Сала экономикасы: сіз жұмыс істейтін саланың және/немсе сектордың экономикасын және бәсекелес ортаны сипаттаңыз.
  • Ұйымдық құрылым және жергілікті қамту: ұйымдық құрылымды (лауазымдарды географиялық орналасуымен қоса), жоғары басшылықтың аты-жөнін және биографиясын көрсетіңіз.
  • Қажетті қаражат: осы жобаға қазір және болашақта қажет болатын шығындар туралы толық ақпаратты (соның ішінде қарызға алынған және өзіндік қаражатқа қатысты талаптарды), сонымен қатар қаражатты жұмса туралы толығырақ ақпаратты көрсетіңіз.
  • Компанияны тіркеу және активтердің орналасқан жері: компания қайда орналасқанын немесе қайда тіркелгенін (тіркелетінін) және сатып алынған активтердің қанша бөлігі Қазақстанда орналасатынын көрсетіңіз.